скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департаменттің қызметі туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ   2018 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

 

************************************************************************************************************************************

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫ

 

2018 жылдың ІV тоқсандағы жағдайға сәйкес, Шымкент қаласында барлығы 53 мемлекеттік орган, яғни 28 жергілікті атқарушы және 25 орталық органдардың аумақтық департаменттері жұмыс жасайды.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік лауазымдар саны – 2071 (нақты-1799).

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штаттық саны –727 (нақты саны – 596).

Аумақтық органдар бойынша штат саны – 1344 (нақты – 1203).

Есепті кезеңнің аяғына бос лауазым саны – 272, оның ішінде, ЖАО – 131,                    АО  – 141 бос лауазым қалыптасқан.

 

1. Таза ауысымдылық

Агенттікпен бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес, кадрлардың таза ауысымдылығы 7,5%-дан аспауы  қажет.

Ал, Шымкент қаласы көлемінде 2018 жылдың ІV тоқсандағы қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы қала бойынша  – 33 (3,8%);

ЖАО- 21 (2,9%) қызметші,

АО -12 (0,9%) қызметші.

 

2.Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту

2018 жылы 4 тоқсанда 1384 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған.

ІV тоқсанда барлығы 1494 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткен.

 

3. Е-қызмет ЫАЖ

Бүгінгі таңда, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде Шымкент қаласы әкімі аппараты, Шымкент қаласындағы аудан әкімі аппараттары мен басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінің жеке іс құжаттарына барлық қызметшілердің еңбек кітапшасын, жоғары білімін растайтын дипломдарын, фотосуреттерін және біліктілікті арттыру туралы сертификаттарын жүктеу  және дұрыс емес мемлекеттік қызметшінің деректерін сапалы түрде түзету жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың 4 тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы (28 мекеме) және аумақтық органдардың (25 мекеме) мемлекеттік қызметшілерінің кадр жай күйі мониторингі туралы есептері Е-қызмет ЫАЖ  арқылы қабылдандып, Агенттікке жолданды.

2018 жылдың соңында «Е-қызмет» ЫАЖ-інде Шымкент қаласындағы 44 жергілікті атқарушы және орталық мемелекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс атқарды.

 

4. Мемлекеттік қызметшілер қызметінің  тиімділігін бағалау

"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес, 2018 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша "А" корпусының 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бағалаудан өтті.

Сонымен қатар, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 1031 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 462 – ЖАО, 569 – АО мемлекеттік қызметшілері бағалаудан өтті.

"Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы бойынша:

  • 352 мемлекеттік қызметші "өте жақсы" деген баға алды, оның ішінде 84-ЖАО, 268-АО;
  • 595 мемлекеттік қызметші "тиімді" деген баға алды, оның ішінде       308-ЖАО, 287- АО;
  • 84 мемлекеттік қызметші "қанағаттанарлық" деген баға алды, оның ішінде 70-ЖАО, 14- АО;

Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Шымкент қаласының              768 мемлекеттік қызметшісі бағалануға жатпайды, оның ішінде 134 - ЖАО,             634 – АО мемлекеттік қызметшілері.

 

5. Үш сатылы іріктеу жүйесі

 

Заңнаманы білу тесті:

Есепті кезеңде үш сатылы іріктеу жүйесі қолданылып, ҚР заңнамаларын білу деңгейін анықтауға арналған тест рәсіміне 10243 адам қатысып, 4241 (41%) кандидат оң нәтиже алды.

 Оның ішінде 6865 әкімшілік мемлекеттік қызметке тапсырған үміткерлердің 2738 (39,9%), ал құқық қорғау қызметіне тапсырған 3378 үміткерлердің 1503 (44,5%) тестілеудің шекті мәнін бағындыра алды.

Жеке қасиеттерін бағалау:

2018 жылы 4182 адам жеке қасиеттерін бағалаудан өтті.

 

6. Мемлекеттік органдардағы конкурстар.

 

ІV тоқсанда жергілікті атқару органдар бойынша жалпы саны 178 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар жарияланды. Оның ішінде:

- осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс -               3 (1,7%);

- барлық мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс – 104 (58,4%);

-  жалпы конкурс – 71 (39,9%).

Конкурс арқылы 176 үміткер тағайындалған. Оның ішінде:

- осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс -         3 (1,7%);

- барлық мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс – 102 (58%);

-  жалпы конкурс – 71 (40,3%).

 

ІV тоқсанда аумақтық органдар бойынша жалпы саны 146 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар жарияланды. Оның ішінде:

- осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс -     79 (54,1%);

- барлық мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс – 20 (13,7%);

-  жалпы конкурс – 47 (32,2%).

Конкурс арқылы тағайындалғандар саны-126. Оның ішінде:

- осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс -     68 (54%);

- барлық мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс – 17 (13,5%);

-  жалпы конкурс – 41 (32,5%).

7.    3+3 Формуласы. Сынақ мерзімі. Тәлімгерлік.

 

Мемлекеттік қызметке жаңадан кіргендердің мемлекеттік қызмет жүйесіне оң қалыптасуы үшін 60 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімдері тағайындалды, олардың ішінде:

40 (66,7%) - жергілікті атқарушы органдарда; 

20 (33,3%) – аумақтық органдарда.

Тиісінше, сынақ мерзімінде болған мемлекеттік қызметшілерге 37 (19-ЖАО,               18-АО) тәлімгер бекітілген.

 

 

Ротация

 

2018 жылға ротацияланатын қызметшілер жоқ.

 

 

************************************************************************************************************************************

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫ

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне сыртқы талдау бойынша

2018 жылы 14 мемлекеттік мекеменің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

 

 

  1. Ағарту жұмыстары бойынша:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында барлығы 1 044 818  адамды қамтыған 5 203  іс-шара ұйымдастырылды.        

 

2.1 Білім беру сипатындағы шаралар. Оның ішінде:

  • семинар, лекциялар - 3726 (адам саны 847735);
  • дөңгелек үстелдер – 159  (адам саны 24751);
  • конференциялар, форумдар– 22 (адам маны 10072);
  • конкурс, жалпы акциялар – 1232 (адам саны 152247);
  • спорттық іс-шаралар – 51 (адам саны 10013).

 

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясының жүзеге асырылуы барысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ақпан айынан қазіргі таңға дейін 12 аудан, қалаларда 190 000 адаммен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Мақтарал, Шардара, Созақ, Сарыағаш, Отырар аудандары мен Кентау, Арыс, Шымкент, Түркістан қалалары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері 36 ауыл округтерінің тұрғындарымен, сондай-ақ, барлық мақсатты топтардың өкілдерімен кездесті.  

 

«Арнайы мониторингтік топ» бойынша

Қоғам өкілдерінен құралған  Арнайы мониторингтік топ құрылып, оның әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары ашылды.

 

Название

Адрес

Telegram

8-702-201-51-51

What’s up

8-702-201-51-51

Call center

8 (7252) 51-51-51

VK

Арнайы мониторинг тобы Шымкент (vk.com/monytoryngshym)

Instagram

Арнайы мониторинг тобы Шымкент (instagram.com/monytorynguko/)

Facebook

Арнайы мониторинг тобы Шымкент (facebook.com/monytoryngshym)

 

Қоғамдық бақылау картасы бойынша:

Бүгінгі күнге дейін What’s up номерге 142 хат келіп түсті. Оның ішінде: ОҚО- 69, Шымкент қаласы- 73.

 

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» МАРАФОНЫ бойынша

А.ж. 29 наурыз күні ОҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон бастау алды. Департамент салтанатты түрде эстафетаны Шардара ауданының өкілдеріне табыстады.

         Марафон облыстың барлық 15 аудан, қалаларында барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады.

 

2.2. Ақпараттық сипаттағы шаралар:

  • Брифингтер, пресс-конференциялар - 7;
  • Телесюжеттер - 364; Радио – 26;
  • Газет бетінде жарияланған мақала – 238 (авторлық 57);
  • Ақпараттық агенттіктердегі жарияланымдар – 1020.
  • Бейнероликтер – 241 (бейнеролик-3, вайн-12, бейнежадынамалар - 50, бейнежолдау-40, әлеуметтік сұхбаттар - 136).

 

Орналастырылған баннер – 76 дана.

 

«Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасының жүзеге асуы.

            Бүгінгі таңда, Департаментпен тығыз байланыс орнату мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерден жауапты тұлғалар белгіленген.

            Инвесторлармен 30 468 000 000 теңге құрайтын 10 келісімге қол қойылды.

            1. «Бал Текстиль» ЖШС-і 10 150 000 000 теңгені құрайды;

            2 «СП «Lux Shoes» ЖШС-і (Аяқ-киім шығарады) 403 000 000 теңгені құрайды.

            3. «KazBioLife»  ЖШС-і 650 000 000 теңгені құрайды.

            4. «АГФ Групп» ЖШС-і 251 000 000 теңгені құрайды.

            5. «Azala Cotton» ЖШС-і 7 070 000 000 теңгені құрайды.

            6. «Алем БТ» ЖШС-і 1 800 000 000 теңгені құрайды.

            7. «Назар Текстиль»  ЖШС-і 2 800 000 000 теңгені құрайды.

            8. «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-і 4 480 000 000 теңгені құрайды.

            9. «Tumar Textile» ЖШС-і 164 000 000 теңгені құрайды.

            10. «Samruk Tekstil» ЖШС-і 2 700 000 000  теңгені құрайды.

 

            Атап айтқанда, «Бал Текстиль» ЖШС-мен декларация тапсыру кезінде техникалық қателіктер жібергенген, ол өз кезегінде 50 млн.теңге көлемінде айыппұлға алып келген.

            Алайда, Департаменттің араласуымен жоғарыда көрсетілген ақша компанияның бюджетінде қалған.

Сонымен қатар, Департаменттің араласуымен «Tumar Textile» ЖШС-нің мәселесі оң нәтижесін тапты.

Нақтырақ айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқа «Tumar Textile» ЖШС-нің жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын 10 жыл мерзімге ұзарту бойынша құзырлы мемлекеттік мекемелерге жүгінген болатын.

Алайда,  құзырлы органдар тарапынан әкімшілік кедергілер жасалып, белгісіз себептермен созбалаңға салынған.

 

Жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнамалар жастар сурет байқауы туралы:

12.10.18 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында Департаменті мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі жас суретшілер (14-17 жас) арасында байқау өткізді.

Сонымен қатар, аталған байқауға қатысу мақсатында Департаментпен бейнеролик дайындалды. Аталған бейнеролик жартылай финалда республика бойынша І орынды,  6 елдің ішінде ІV орынды иеленді.

 

         

  «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асуы

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобаның міндеті –азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру болып табылады.

 

 

************************************************************************************************************************************

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМАСЫ

 

Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдармен 191 қызмет түрін көрсетті.

Шымкент қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінде 10 ХҚКО, оның ішінде 8 қалалық,
1 мамандырылған ХҚКО және 1 көші-қон қызметі орталығы бар.

  1. Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2018 жылда барлығы жергілікті атқарушы органдармен 6 465 704 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- қағаз жүзінде – 795 962;

- мүмкіндігі болса да қағаз түрінде – 728 242 (13%);

- мемлекеттік корпорация арқылы – 78 851 (1%);

- электронды түрде – 4 862 649 (86%) ұсынылған.

 

Салыстырмалы түрде

Қызмет көрсетуші органдар

Көрсетілген қызметтер саны

Оның ішінде

Мүм болсада қағаз түрінде

Мем корп

Электронды

2018 жылы

5 669 742

728 242 (13%)

78 851 (1%)

4 862 649 (86%)

2018 жылдың III тоқсанында

3 082 574

545 424

(17,7%)

56 509 (1,8%)

2 480 641 (80.5)

 

 

  1. Арыз шағымдар бойынша

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан 26 шағым түсіп, 14-не тексеру жүргізіліп, 12-сі тексерусіз қаралды.

          Дәлелін тапқан 11 шағым толығымен қанағаттандырылып, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

          Тексеру қорытындысымен жолданған ұсыныстарға сәйкес қызметкерлерге 13 тәртіптік жаза қолданылды.

    3. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы көрсетілуіне ішкі бақылау нәтижесі бойынша

2018 жылында 17 мемлекеттік мекемеде (оның ішінде 2 жергілікті атқарушы орган, 15 ведомстваға бағынысты ұйымдар) қала әкімдігімен бірлесіп, жүргізілген ішкі бақылау нәтижесі бойынша 200 құқықбұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 4 тәртіптік жаза қолданылып, ҚР ӘҚБТ кодексінің 465 бабының 1,2,3-тармақтарына сәйкес 3 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалды. (жалпы өндіріс 84 175 теңге)

 

 

  1. «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген жұмыстар

Қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп 28 мекемеде 34 «Жасырын тұтынушы» әдісі жүргізіліп, анықталған 29 кемшіліктер қалпына келтіріліп, 4 маман және 3 бас дәрігер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

  1. Ақпараттық түсіндірме жұмыстар бойынша

Шымкент қаласы басынан 200 жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, онда арнайы бекітілген кеңесші жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылып, студенттерге 200-ге жуық қызмет түрін көрсетуде.

Бұдан бөлек, қаламыздың 9 жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда.

          - «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» туралы 8759, «Еgov-тың 44 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады» туралы 15378 екі тілде әзірленген жадынамалар (брошюра) таратылды.

- Департаменттің жанында құрылған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың ақпан, наурыз, маусым, қазан және қараша айларында ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары өткізілді.

- Қаламызда «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алуды насихаттау мақсатында 7 билборд  ілінді.

- Электронды түрде қызмет алу тәсілдері туралы мемлекеттік және ресми тілде анимациялық бейнероликтер Департаменттің «memkyzmet.kz» сайтының «еgov.kz» айдарына, «Instagram», парақшаларына орналастырылды.

          - Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында 113 іс-шаралар, оның ішінде 43-семинар, 5-дөңгелек үстел өткізіліп, 57-дәрістер оқылып, халық арасында 4-мобильдік топпен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1 Ашық есік күні, 2 КВН, сондай-ақ 2 жәрмеңке, 1 халық арасында e-gov арқылы қызмет көрсетуді насихаттау (автобус) өткізілді  (қамтылған халық саны – 150 000 жуық).

          Халық арасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 1 брифинг, 16 телеарналар (32 телеарна, youtobe-1, facebook-5) мен 3 радиоға шығулар, сұхбаттар беріліп, 18 мақалалар жарияланды.

 

 

************************************************************************************************************************************

 

 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ

 

  1. Әдеп жөніндегі кеңестің атқарған жұмысы бойынша:

2018 жылдың 4-тоқсанында Агенттіктің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесімен:

3 отырыс өткізіліп, онда 16 мәселе қаралған. Оның ішінде:

4 тәртіптік іс қаралған;

9 – профилактикалық мәселелер;

3 – басқа сұрақтар қаралған (Әдеп жөніндегі кеңестің 2018 және 2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарларын және азаматтарды қабылдау кестесін бекіту сұрақтары).

     

Қолданылған тәртіптік жазалар бойынша:

Әдеп жөніндегі кеңес шешімдері негізінде мемлекеттік орган басшыларымен
3 тәртіптік жаза қолданылған. Олардың барлығы Әдеп кодексі талаптарының бұзылу деректері бойынша қолданылған (соның ішінде: сөгіс – 2, қатаң сөгіс - 1).  

 

                     Тәртіптік істерді қозғауға негіз болған құжаттар саны – 12.

  1. Департаментпен жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша жазылған қызметтік хат – 1;

2. Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің ішкі талдау нәтижесі бойынша жолданған материал – 1;

3. ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынулары – 8;

4. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынуы – 1;

5. Шымкент қаласының прокуратурасының ұсынуы – 1.

­­

2. Әдеп жөніндегі кеңес шешімдері негізінде шығарылған мемлекеттік органдардың актілеріне сот тәртібімен шағымдану фактілері бойынша:

Әдеп жөніндегі кеңестің 2018 жылы қабылданған шешімдері негізінде шығарылған мемлекеттік органдардың актілеріне сот тәртібімен шағымдану фактісі орын алмаған.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына
жеке және заңды тұлғалардан жалпы – 101 өтініш түскен.

Оның 21 (21%) түсіндірме беру арқылы қаралса, Департаменттің құзырына жатпауы себепті құзыреттілігі бойынша қарау үшін – 42 (41%) өтініш басқа органға жолданып, 12 (11,5%) өтініш иелерінің арызды қараусыз қалдыру туралы қайта жүгінуі себепті қараусыз қалдырылып, жоспардан тыс тексеру жүргізіліп қаралғаны – 15 (15%), қалған 12 (11,5%) өтініш қаралуда.

2018 жылдың 4-тоқсанында Басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 15 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 5 өз құқықтарын қорғау үшін шағымданған тұлғалардың 3-нің құқықтары қалпына келтірілді, үлесі 60% құрады.

 

4. Жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, олардың қаралу нәтижесі бойынша:

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы тарапынан мемлекеттік органдарда жалпы – 15 тексеру жүргізілген, оның ішінде: ішінара тексеру – 0 , жоспардан тыс тексеру – 15.

Жүргізілген 15 жоспардан тыс тексерудің 11 - жеке тұлғалардың өтініштері негізінде, 4 – заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілді.

Тексеру қорытындылары бойынша 23 бұзушылық анықталып, оларды жою және болдырмау мақсатында 7 ұсыныс жолданған.

Ұсыныстардың қаралу қорытындысы бойынша – 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 - жеке тұлғаның құқықтары қорғалып, қалпына келтірілген.

2018 жылдың 4-тоқсанында Басқарма тарапынан тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға енгізілген 7 ұсыныстың 7-і орындалды. Нәтижесінде орындалу үлесі - 100% құрады.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы